Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсіби бокста Қазақстанның абыройын арттырған боксшылар кімдер? (фото)

Опубликовано:

Кәсіпқой бокста Қазақстанның намысын қорғап, көк байрағымызды желбіретіп жүрген жетекші бес боксшыны назарларыңызға ұсынамыз.

1. Геннадий Головкин

Туған жері: Қарағанды, Қазақстан

Жасы: 34

Салмақ дәрежесі: Орта салмақ (72 келі)

Жекпе-жектер көрсеткіші: 36 (33 КО) – 0

Чемпионды титулы: WBA Super, IBF, WBC, IBO

Кәсіпқой бокста талай биіктерді бағындырған боксшымыз - Геннадий Головкин. Генаның қазіргі мақсаты – бұл абсолютті чемпион атану. Яғни, британиялық Билл Джо Сондерстен WBO белбеуін тартып алу. Тіпті бірқатар шетелдік басылымдар Головкин – Сондерс жекпе-жегінің биыл жазда Астанада өтетінін жазып жатыр. Бірақ ол үшін Майқұдық тумасы алдымен америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңуі қажет. Артынша оны Сондерс, кейін Сауль Альварес күтіп тұр. Егерде осы қарсыластарының бәрін ұтса, «Трипл Джи» – әлемнің ең үздік боксшысы атанады. Бұған дейін ешбір қазақ боксшысы, тіпті ТМД елдерінің боксшылары мұндай атаққа жетпеген.

2. Жанат Жақиянов

Туған жері: Петропавл, Қазақстан

Жасы: 33

Салмақ дәрежесі: Аса жеңіл салмақ (53 келі)

Жекпе-жектер көрсеткіші: 27 (18КО) – 1

Чемпиондық титулы: WBA Super, IBO

Толыққанды әлем чемпионы деп айта алатын боксшымыз – Жанат Жақиянов. Қызылжардың тумасы жақында ғана америкалық Роуши Уорренді ұтып, одан екі чемпиондық белбеуді тартып алған болатын. Осылайша, Жақиянов Головкиннен кейінгі екінші әлем чемпионы атанды. Ал жалпы Қазақстан тарихында – төртінші чемпион. Жиров, Шүменов және Головкиннен кейін. Жанаттың кәсіпқой рингте тек бір ғана жеңілісі бар екен. Кәсіпқой мансабының басында «ZZ» ресейлік Сахиб Усаровтан жеңілген.

3. Бейбіт Шүменов

Туған жері: Шымкент, Қазақстан

Жасы: 33

Салмақ дәрежесі: Бірінші ауыр салмақ (90 келіге дейін)

Жекпе-жектер көрсеткіші: 17 (11КО) – 2

Чемпиондық титулы: WBA Regular

Тағы бір сирек жұдырықтасатын боксшымыз – Бейбіт Шүменов. Алайда соған қарамастан, Шымкент тумасы WBA Regular чемпиондық титулына ие. Бұл атаққа отандасымыз былтыр қол жеткізді. Америкалық Джуниор Райтпен кездесуде Бейбіт техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Бұған дейін жартылай ауыр салмақ дәрежесінде WBA тұжырымы бойынша чемпион болған Шүменов жаңа салмақта да туры осы белбеудің иегері атанды. Бірақ айта кетер жайт, Бейбіт толыққанды чемпион емес, себебі WBA тұжырымының суперчемпионы – ресейлік Денис Лебедев. Тек ресейлік ұтқан соң Шүменов нағыз чемпион болады.

4. Иса Ақбербаев

Туған жері: Қостанай, Қазақстан

Жасы: 33

Салмақ дәрежесі: Бірінші ауыр салмақ (90 келіге дейін)

Жекпе-жектер көрсеткіші: 18 (13КО) – 0

Геннадий Головкиннің жақын досы Иса Ақбербаев кәсіпқой бокста сегіз жыл ішінде 18 кездесу ғана өткізіпті. Барлық жекпе-жектерін жеңіспен аяқтаған. Нокауттар саны – 13. Соңғы кездесуін Иса былтыр Алматыда өткізіп, германиялық былғары қолғап шебері Майк Курзевельді нокаутпен ұтқан болатын. Исаның шаршы алаңға сирек шығатынын ескерсек, оның чемпиондық кездесуін әлі ұзақ күтетін сияқтымыз.

5. Қанат Ислам

Туған жері: Алтай, Қытай

Жасы: 32

Салмақ дәрежесі: Бірінші орта салмақ (69 келі)

Жекпе-жектер көрсеткіші: 22 (18КО) – 0

Қытайда туған қазақ баласы Қанат Ислам кәсіпқой бокста 22 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Тіпті 18 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Бірақ, көбінде оның қарсыластары әлсіз боксшылар болатын. Тек соңғы жекпе-жегінде Алматыда мықты ганалық боксшы Патрик Аллотеймен жұдырықтасып, ұпай шешімімен жеңіске жеткен еді. Бұл кездесу қандасымыз үшін өте тартысты өрбіді. Қазіргі таңда, Қанат бразилиялық былғары қолғап шебері Робсон Ассиске қарсы кездесуге дайындалуда.

Тағы оқыңыздар:

Көпшіліктің жүрегін елжіреткен атыраулық ғашықтардың махаббат хикаясы

Көліктің жанында жалаңаштанған бойжеткен бар шындықты жайып салды 

Әулие Валентин күнін алматылық жастар қалай атап өтеді? (фото)

Астана халқы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасып жатыр

Отандық жұлдыздардың хан сарайындай зәулім үйлері

Әбілязов Ұлттық бюроның шақыртуына пысқырмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1408779-qazaqstannynh-enh-uzdik-bes-boksshysy-ki/

pixel