Сәпиев: Котто мен Альварес секілді боксшылар Қанатпен кездесуге дайын емес
Опубликовано:
Олимпиада чемпионы, қазір «Астана Арланс» бокс клубының басшысы Серік Сәпиев WBO Intercontinental және WBA Fedelatin нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Исламның (23-0, 19 КО) бразилиялық Робсон Ассиске (16-4, 9 КО) қарсы өткізген жекпе-жегі жайында пікірімен бөлісті деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қанат Ислам жекпе-жекті жақсы өткізді. Кездесу басында қос боксшы соқтығысып қалып, Ислам қабағын жарып алды. Ол алғашқы раундта қарсыласын соққының астына алып, дәл тигізді. Робсон болса жойқын соққыға төтеп бере алмай, біраз уақытқа абдырап қалды. Қанат соққыларын жиілетіп, қарсыласын нокаутқа түсіргенше сабады. Бразилиялық боксшының соққыларға төтеп бере алмағанын Ислам жақсы пайдаланды. Қанатты, бүкіл Қазақстан жұртын жарқын жеңіспен құттықтағым келеді. Оның қазақтың атың әлемге мәшһүр етіп, дүниежүзіне танымал кәсіпқой боксшы атануына тілектеспін", - деп бастады сөзін танымал боксшы.
"Кездесулерін АҚШ-та өткізе берген жөн болады. Рейтингіде барынша жоғарылап, танымал боксшыларды жекпе-жекке шақыру қажет. Қанат Ислам қандай да бір атаққа үміткер атанса ғана әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек өткізе алады. Ал одан кейін ұсыныстар өздігінен келе бастайды.
Котто немесе Альварес секілді боксшылар әзірге Қанат Исламға қарсы жекпе-жек өткізу үшін дайын емес. Себебі Қанаттың Америкада аса танымалдығы жоқ. Мұндай жекпе-жек тек Исламға ғана тиімді болмақ. Котто немесе Альварестің деңгейіндегі боксшылар аса танымал емес Қанаттан жеңіліп қалуға қорқады. Олар ақша табу мақсатында оңай қарсыласпен жұдырықтасқанды жөн көреді. Сол себепті, Қанатқа әлемдік рейтингіде барынша жоғары көтерілу қажет", - деп толықтыра кетті Серік Сәпиев.
Айта кетейік, Қанат Ислам АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өткен жекпе-жек басында қабағынан жарақат алып қалғанына қарамастан, қарсыласын соққының астына алып, кездесуді бірінші раундта аяқтады. Кездесудің бейнежазбасын мына сілтемеден көре аласыз.
Тағы оқыңыздар:
Шымкенттік полицей баласын "полиция шақырамын" деп қорқытатын ата-аналарға ренжіді
Димаш қытайлық жанкүйерлердің арқасында жұлдыз болғанын мойындады
Қарағандыда екі жасар мүгедек сәби жантүршігерлік жағдайда қаза болды
Атырау облысында 65 мың адамды ЭКСПО-ға баруға міндеттеп отыр
Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1414357-sapiev-kotto-men-alvares-sekildi-bok/