Промоутер Головкинді көре алмайтындарға жауап берді

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG мансабына тіл тигізіп жүрген сыншыларға жауап берді деп хабарлайды Vesti.kz.

"Екі жыл бұрын GGG бірінші сұхбат бергеннен кейін Madison Square Garden, Лос-Анджелестегі Forum аренасы, Лондондағы O2 аренасына жанкүйерлерді тарта білді, ол қазіргі уақыттағы ең мықты чемпион, қатарынан 23 нокаут. GGG бокс әлеміндегі сатылымға түскен ең жарық жұлдыз бола білді. Оның жекпе-жектері жүзден аса елде көрсетілді. Геннадий нағыз чемпион қандай болуы керектігін көрсетті. Жаман емес, шынында? Онымен қарсылас болған төрт боксшы бокс кештерінің хедлайнерлеріне айналған, мысалы Стивенс - Лемье, немесе жақында Мюррей - Росадо жекпе-жегі болады... Бірақ мен көре алмайтындармен келесі раундқа дайынмын", - деп жазады fightnews.com сайты Леффлердің сөзін.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді.

Ал қазақстандықтар жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналарынан тамашалай алады.

Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Тағы оқыңыздар:

Ерлан Сағадиев: Ештеңені ойдан құрастырып отырған жоқпыз

Ақтауда мерт болған сарбаздың анасы ұлының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді (фото)

Air Astana ұшақтарымен болған үш бірдей төтенше жағдайды кездейсоқтық деп ақталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1436989-promouter-golovkindi-kore-almaytynd/