Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан Барысы" атанған балуанның інісі допингпен ұсталып, спорттан шеттетілді

Опубликовано:

Грек-рим күресінен ел намысын қорғап келген Азия чемпионы Нұрсұлтан Тұрсынов ішкі және халықаралық жарыстарда неліктен өнер көрсетпейтіні белгілі болды деп хабарлайды baq.kz.

Семейлік балуан тыйым салынған мельдоний препаратын қолданып, допингке қарсы ережені бұзған.

Біріккен күрес әлемі Нұрсұлтан Тұрсыновты 2020 жылдың 3 наурызына дейін спорттан шеттетті. Бұл оқиға туралы Қазақстан күрес федерациясы арнай мәлімдеме жасаған жоқ.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Тұрсынов қазақ күресіндегі танымал бапкер Шыңғыс Тұрсыновтың ұлы. Нұрсұлтанның туған ағасы Мұхит Тұрсынов "Қазақстан Барысы" турнирінің чемпионы атанған болатын.

Нұрсұлтан Тұрсынов «Қазақстан президенті кубогы» халықаралық турнирінің екі дүркін қола (2012, 2013 жылдары) және күміс (2015 жылы) жүлдегері, Азия чемпионы (2014 жылы), Испания гран-приінің жеңімпазы (2014 жылы), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2015 жылы), Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы (2015 жылы).

Тағы оқыңыздар:

Арман Сқабылұлы: Баян Есентаева басынан өткен жайттан соң идеал болатын жағдайда емес

Саясаттанушы: Әлі бірнеше облыстың әкімі ауысады деп күтілуде

Алматыда баласын мойындамай отырған ірі кәсіпкерге қатысты жаңа дерек шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1438765-ataqty-qazaqstandyq-baluan-2020-zhylgha-de/

pixel