Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық спортшы өзінен 13 жас үлкен жігітке тұрмысқа шығып, бір үйдің құнына тең көйлек киді (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық гимнаст Анна Алябьева тұрмысқа шықты. Ол үйлену тойында құны үш бөлмелі пәтердің құнына тең көйлек киген деп хабарлайды NUR.KZ.

Көркем гимнастикадан Азия ойындарының чемпионы Анна Алябьеваның үйлену тойы 30 сәуірде Алматыда өткен.

Салтанатты кештің видеосы белгілі отандық дизайнер Наиль Байкучуковтің Instagram парақшасында пайда болды. Қалыңдық көйлегінің авторы да дәл осы дизайнер.

Спортшы Анна Алябьева өз тойында үш киім ауыстырған. Тойды жүргізген асаба қалыңдық көйлегінің бағасы үш бөлмелі пәтерді құнымен теңесетінін айтып, жұртты құлаққағыс етті.

Аннадан 13 жас үлкен спортшы қыздың жары 36 жаста. Есімі - Нұрлан. Екеуі Астана мейрамханаларының бірінде танысқан екен.

"Менің күйеу жігітімнің есімі  - Нұрлан. Ол 36 жаста. Жас айырмашылығы мені мүлде қорқытпайды. Мен осындай адамды кездестірсем деп өмір бойы армандадым", - дейді Анна vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Теміртаудың ең көрікті аруы анықталды (фото)

Шымкент пәтерлерінің бірінде арбаға таңылған қария тірідей өртеніп кетті

Ерлі-зайыптылар ішіне жын кіріп кеткен ұлын 30 жыл бойы қамауда ұстаған

Үндістандық келіншектерге ішкілікке салынған күйеулерін соққыға алуға рұқсат етілді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1481812-qazaqstandyq-sportshy-qyz-toyynda-ush-p/

pixel