Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жекте қанша белбеу сарапқа салынады?

Опубликовано:

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жекте төрт белбеу сарапқа салынады деп хабарлайды Vesti.kz. 

Отандасымыз бұл кездесуге барлық белбеуін ортаға салып отыр. Бірақ "Канело" WBC белбеуіне таласудан бас тартып отыр. Өйткені, мексикалық боксшы өткен жылы бұл ұйымның басшыларымен сөзге келіп қалған. 

Альварес болса өз кезегінде бар болғаны бір ғана белбеуін ортаға салады. Оның өзі The Ring журналының арнайы жасалған белбеуі. Ал WBO белбеуін "Канело" иесіз қалдыруы мүмкін. Себебі, ол белбеуді мексикалық боксшы бірінші орта салмақта жеңіп алды.

Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 160 фунтта, яғни орта салмақта өтеді.

Еске салайық, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтетіні белгілі болды. НВО арнасы бұл кездесуді PPV арқылы таратады. Алайда қайда өтетіні әзірше нақты белгілі болмай тұр.

Қазіргі таңда Головкин - Альварес жекпе-жегін өткізуге сегіз спорт кешенінен ұсыныс түскен. Олардың ішінде Лас-Вегастағы, Нью-Йорк қаласында орналасқан Madison Square Garden және Далластағы AT&T Stadium стадионы секілді танымал спорт кешендері бар. АҚШ-тан бөлек Ұлыбритания астанасындағы "Уэмбли" және Мехиконың "Ацтек" стадиондары да бұл жекпе-жекті қабылдауға ынталы.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

64 жастағы заңгер Оңтүстік Кореяның президенті атанды

Үш баласы бар Дәурен Айдарқұлов Ақботамен жаңа үйге көшпек (фото)

Елбасынан ескерту алған Астана әкімі таң атпастан тағы да тексеріске шықты 

Парламентте екі айлық қызын емізген австриялық саясаткер елді сүйсіндірді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1488735-golovkin-men-alvares-arasyndaghy-zhek/

pixel