Қанат Ислам: Қазақтың ірі денелі жігіттері спортта емес, күзетші болып жүргені қынжылтады
Опубликовано:
Жуырда, 26 мамыр күні Қанат Исламның АҚШ-та мексикалық боксшы Гонсалеспен маңызды жекпе-жек өткізетіні белгілі. Өзінің ұлтқа деген жанашырлығымен, отан сүйгіштігімен ерекшеленетін боксшы елі, жері туралы ойларын да үнемі ортаға салып, ашық айтып жүреді. NUR.KZ порталы Қанат Исламның осыған дейін айтқан айрықша пікірлерін іріктеп, ел назарына ұсынып отыр.
- Алтайда, тауда өстім, тауды жақсы көремін. Шыңға шығу, биікке шығу мақсатым. Тауға келсем еркін демаламын. Әрбір ер адам шыңға ұмтылуы керек.
- Елге оралғаным - менің үлкен бір арманым, ата-бабаларымның арманы орындалды деп санаймын. Мен өзім еліме келіп, оралман атанып кетсем де, балаларымды ел қазақ деп атайтын болады. Ұрпақтарым қазақ болады. Тәуелсіз елім болмаса, қайда барар едім
- Бізде ірі денелі жігіттердің барлығы спортта емес, күзетші болып жүр.
- Сыртта жүрген соң адам намысшыл, ұйымшыл болады екен. Арқандай жерде басқа ұлттардың артында қалып кетпеуге тырыстық. Мұндай ортада жүріп арлы болып өседі екенсің.
- Жаттықтырушылардың барлығы ең бірінші чемпион бол деп үйретеді. Бұл қате пікір. Бір ұстазым бар еді. Сол кісінің алдына барғанда "Неге келдің?" деп сұрады. "Чемпион болу үшін", - дедім. "Жоқ. Сен бірінші адам бол, содан кейін чемпион болсаң, сен дұрыс чемпион боласың деді. Мен осы пікірді ұстанамын.
- Ұлт деген кім? Ол - әкем, шешем, әпке-қарындастарым. Басқа ұлттың арасында жүрген соң бәсекелестік пайда болады. Олардан ақылды, күшті болуың керек. Менде де сондай бәсекелестік қалыптасты.
- Головкинді дос, чемпион, адам ретінде құрметтеймін. Ол Қазақстанның көк туын желбіретіп жүрген батыр. Біз - бауырмыз. Біз үшін бірінші орында - елдің беделі. Оның қарсыластары бірінші раундта-ақ онымен рингке шыққанына өкінеді. Ол - орта салмақтың королі.
- Мақтан үшін өмір сүру - әлсіздік, надандық.
- Қазақ айтады ғой "ит тойған жеріне, ер туған жеріне" деп. Біреу мал үшін өмір сүреді. Біреу ел үшін. Ал мен көтеретін көк туым барына ризамын. Аз да болса, соның жолында қызмет істеп кету - арманым.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Қазақстан әлем елдері рейтінгісінде Ресейді басып озды
Жаңа Зеландияда салмағы 7 келі болатын сәби дүниеге келді (фото)
ШҚО-да әйелін көңілдесімен ұстап алған азамат екі баласын ала алмай жүр
Қарағандыда шашылып жатқан майдангерлердің суреті халықтың ашуына тиді (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1490217-qanat-islamnynh-omir-suru-qaghidalary-q/