Қуат Найман: Қанат Ислам мексикалықты нокаутпен жеңеді

Опубликовано:

Боксшы Қуат Найман өзінің әріптесі Қанат Исламның АҚШ-та өтетін жекпе-жегіне қатысты өз болжамын жасады. Ол NUR.KZ тілшісіне отандасымыздың қай раундта жеңетінін айтып берді.

Оның айтуынша, Қанат мексикалық Гонсалесті нокаутпен жеңеді.

"Қанат Ислам бауырымыздың орны ерекше. Спорттан бұрын біз оны отансүйгіш, патриот ретінде жақсы көреміз. Қазақ әрқашан өз батырларын бағалап, сыйлап келген. Қазір де солай. Менің оның жекпе-жегіне қатысты болжамым: ол мексикалықты 7-раундқа дейін нокаутпен жеңеді", - деді ол.

Естеріңізге салсақ, Қанат Ислам 26 мамыр күні АҚШ-тың Флорида қаласында шаршы алаңға шығады.Оның басты қарсыласы - мексикалық боксшы Гонсалес.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Алдағы уақытта елімізде мамыражай күндер басталады

Таиландтық дәрігерлер май басқан маймылды қатаң диетаға отырғызды (фото)

Назарбаевтың келіні сәбиін босанғаннан кейін тұңғыш рет ел алдына шықты (фото)

Ләйлә Сұлтанқызы пайғамбар жасына келген анасына дүркіретіп той жасап берді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1499749-quat-nayman-qanat-zhekpe-zhekte-meksika/

jitsu gif