Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кішкентай жанкүйерін шақырып алып, суретке түскен Месси тәнті етті

Опубликовано:

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Уругвай астанасы Монтевидеода көптің жүрегін елжіретті. Ала доп шебері күзетші қуып жіберген кішкентай жанкүйерін қасына шақырып, онымен естелікке суретке түсті деп хабарлайды Baq.kz.

Футболшы ұлттық командасымен бірге Монтевидеоға 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчына қатысу үшін келген.

Тағы оқыңыздар: Василий Левит әлем чемпионатында кубалық боксшыдан жеңіліп қалды

Қонақ үйге кіргелі жатқанда футболшының жанкүйері Мессиге қарай ұмтылады. Алайда күзетші дереу баланы келген жағына қайтарып жібереді.

Мұны байқап қалған футболшы жанкүйерін қасына шақыруды сұраған. «Барселона» шабуылшысы кішкентай «фанатын» құшақтап, онымен суретке түсті.

Que Messi te llame para cumplir tu sueño NO TIENE PRECIO. pic.twitter.com/nasUlBTAXv

— Lucho (@luchogarzo) 30 августа 2017 г.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1604461-kuzetshi-quyp-zhibergen-zhankuyerin-shaq/

pixel