Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин егіз бауыры Максим туралы шындықты жайып салды

Опубликовано:

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин L'Equipe басылымына берген сұхбатында егіз бауыры Максимнің жастық шағы қалай өткенін әңгімелеп берді деп хабарлайды Baq.kz.

Олардың арасындағы жас айырмашылығы – 15 минут. Қазір Максим бауырының командасында жаттықтырушылардың бірі ретінде жұмыс істейді.

«Ол маған қарағанда жақсы боксшы болды! Бала күнімізде ол менен күштірек еді, жылдамдығы да жоғары болды, бастысы тәртіпті еді. Маған бокстан басқа да спорт түрлері ұнағандықтан ақымақтық жасап қоя беретінмін. Екеуміз де қабілетті едік, бірақ Максим боксшы ретінде менен бір саты жоғары тұрды», - дейді Геннадий Головкин.

Оның айтуынша, олар бір салмақта өнер көрсетіпті. 15 және 16 жасында екеуі де Қазақстан чемпионатының финалына шыққан.

Тағы оқыңыздар: ӘЧ-2017: Қазақстан құрамасы жалпы есепте үшінші орын алды

«Қайсымыз мықты екенімізді бәрі білгісі келді, бірақ ата-анамыз екеуміздің жекпе-жегіміз ақылға қонымсыз деп шешті. Алғаш рет бауырым маған жол беріп, жеңімпаз атандым. Келесі жылы мен дәл солай жасадым», - дейді чемпион.

Геннадий Головкин әлем чемпионаты немесе Олимпиадаға кім барады деген сұрақ туындағанда Максим ойланбастан жол бергенін тебірене еске алды.

«Ол кезде боксшы құрамадағы шығындардың бір бөлігін өзі жабуы тиіс болатын. Менің отбасым кедей болған жоқ, бірақ екеумізге бірдей ақша жетпейтін. Оның үстіне біз бұрынғыдай бір салмақта болдық. Әлем чемпионаты немесе Олимпиадаға кім баратынын анықтау үшін жекпе-жек өткізуімізге тура келді. Бұл Максимге оңай болмады, маған жол берді. Мен үшін бокспен қош айтысты. Осы әрекеті үшін оған өмір бойы қарыздармын. Біз егіз екенімізді білесіздер. Мен 15 минут бұрын тудым. Максим менің үлкендігімді құрметтейтін. Әрине, бұл әзіл (күліп)», - деп түйіндеді Головкин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1605397-golovkin-egiz-bauyry-maksim-turaly-shy/

pixel