Әйгілі боксшылар: Головкиннің жеңісін тартып алды
Опубликовано:

Кәсіпқой бокс өкілдері Twitter әлеуметтік желісінде орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге қолдау көрсетті.
Боксшылардың барлығы дерлік Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек шешімімен келіспейтіндерін жеткізді.
Орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондер: «Тең есеп немесе тонау. Мен үшін GGG жеңімпаз», — деп жазды.
8 салмақ дәржесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо: «Бұл төрешілер Аустралиядан келген бе?»
Тағы оқыңыздар: Атақты боксшы Альвареске 118 ұпай берген төрешіні жұмыстан қууды талап етті
Кубалық боксшы Эрисланди Лара Геннадий Головкинді түсінетінін айтты: «Головкин, мен сені түсенімен»
Ирландиялық кәсіпқой боксшы Майкл Конлан: «Бұл АИБА-ның төрешілері ғой деймін».
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1620052-aygili-boksshylar-golovkinninh-zhenhisi/