Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ертең Оңтүстік Кореяда 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталады

Опубликовано:

спортсмены на олимпиаде
Фото: UGC

Ертең Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталады. Оған Қазақстан құрамасының атынан 9 спорт түрінен 46 спортшы қатысады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақпанның 9-25 күндері өтетін бұл дода Оңтүстік Кореяда алғаш рет өткізіліп отыр. Олимпиадада 102 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 9 ақпан күні сағат 17:00-де басталмақ. Ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев көтеріп шығады.

2018 жылғы Олимпиада ойындарына 95 ұлттық Олимпиадалық комитеттің атынан 2 900 спортшы қатысады деп күтілуде.

Ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың Олимпиададағы жетістіктері туралы NUR.KZ порталының тілшісі Пхенчаннан тікелей репортаждар жасап, ел назарына ұсынбақ. 9-25 ақпан аралығында Олимпиададағы жалпы медальдік есептің қорытындыларымен, сонымен бірге дүбірлі доданың жаңалықтарымен таныстыратын боламыз.

Қазақстан спортшыларына сәттілік тілейміз!

Қысқы Олимпиададағы Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы:

Коллаж: Sputnik Қазақстан
Коллаж: Sputnik Қазақстан: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1715909-erte-otstik-koreada-2018-zylgy-kysky-olimpiada-ojyndary-bastalady/

pixel