Олимпиада-2018: Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі қандай?

Опубликовано:

спортсмены на олимпиаде
Фото: UGC

Қысқы Олимпиада. Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі 9 ақпан күні Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары басталады. Оған Қазақстан құрамасы сапында 9 спорт түрінен 46 спортшы қатыспақ.

25 ақпанға дейін созылатын ақ Олимпиадада 102 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Осы уақыт аралығында сынға түсетін спортшыларымыздың жарыс кестесі (Астана уақыты бойынша) ұсынылып отыр.

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының ашылуы 9 ақпан күні 17:00-де басталады. Ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев көтеріп шығады.

Биатлон

10 ақпан. Әйелдер. Спринт (7,5 км). Басталуы сағат 17:15.

11 ақпан. Ерлер. Спринт (10 км). Басталуы 17:15.

12 ақпан. Әйелдер. Із қуа жүгіру сайысы (10 км). Басталуы 16:10.

12 ақпан. Ерлер. Із қуа жүгіру сайысы (12,5 км). Басталуы 18:00.

14 ақпан. Әйелдер . Жекелей сайыс (15 км). Басталуы 17:05.

15 ақпан. Ерлер. Жекелей сайыс (20 км). Басталуы 17:00.

17 ақпан. Әйелдер . Масс-старт (12,5 км). Басталуы 17:15.

18 ақпан. Ерлер . Масс-старт (15 км). Басталуы 17:15.

20 ақпан. Аралас эстафета. Басталуы 17:15.

22 ақпан. Әйелдер . Эстафета. Басталуы 17:15.

23 ақпан. Ерлер . Эстафета. Басталуы 17:15.

Шаңғы спорты

10 ақпан. Әйелдер. Скиатлон (7,5 км – классикалық әдіс, 7,5 км – еркін әдіс). Басталуы 13:15.

11 ақпан. Ерлер. Скиатлон (15 км – классикалық әдіс, 15 км – еркін әдіс). Басталуы 12:15.

13 ақпан. Әйелдер . Спринт (Классика). Іріктеу кезеңі сағат 14:30 басталады. Ширек финал - 17:00. Жартылай финал - 17:55. Финал сағат 18:25-те.

13 ақпан. Ерлер . Спринт (Классика). Іріктеу кезеңі сағат 15:05-те басталады. Ширек финал - 17:25. Жартылай финал - 18:05. Финал сағат 18:34-те.

15 ақпан. Әйелдер . 10 км, еркін әдіспен жүру. Басталуы 12:30.

16 ақпан. Ерлер. 15 км, еркін әдіспен жүру. Басталуы 12:00.

17 ақпан. Әйелдер . Эстафета. Басталуы 15:30.

18 ақпан. Ерлер . Эстафета. Басталуы 12:15.

21 ақпан. Әйелдер . Командалық спринт. Жартылай финал сағат 14:00-де. Финал - 16:00.

21 ақпан. Ерлер . Командалық спринт. Жартылай финал сағат 14:44-те. Финал -16:30.

24 ақпан. Ерлер . Масс-старт (50 км). Басталуы 11:00.

25 ақпан. Әйелдер . Масс-старт (30 км). Басталуы 12:15.

Тау шаңғы спорты

11 ақпан. Ерлер. Жылдамдықпен төмен түсу. Басталуы 08:00.

12 ақпан. Әйелдер. Алып слалом сайысы. Бірінші мүмкіндік сағат - 07:15, екінші - 10:45.

13 ақпан. Ерлер . Аралас сайыс. Жылдамдықпен төмен түсу - 08:30, слалом - 12:00.

14 ақпан. Әйелдер . Слалом (кедергілер арқылы төмен түсу). Бірінші мүмкіндік бойынша жарыстар сағат 07:15-те басталады, екіншісі — 10:45-те.

15 ақпан. Ерлер . Супергигант. Басталуы 08:00.

17 ақпан. Әйелдер . Супергигант. Басталуы 08:00.

18 ақпан. Ерлер . Алып слалом. Бірінші мүмкіндік бойынша жарыстар сағат 07:15-те басталады , екіншісі — 10:45-те.

21 ақпан. Әйелдер . Жылдамдықпен төмен түсу. Басталуы 08:00.

22 ақпан. Ерлер. Слалом. Бірінші мүмкіндік бойынша жарыстар сағат 07:15-те басталады , екіншісі — 10:45-те.

23 ақпан. Әйелдер. Аралас сайыс. Жылдамдықпен төмен түсу - 08:00, слалом — 11:30-да.

24 ақпан. Командалық сайыс. Басталуы 08:00-де.

Трамплиннен секіру

8 ақпан. Қалыпты трамплин. Іріктеу кезеңі. Басталуы сағат 18:30-да.

10 ақпан. Қалыпты трамплин. Бірінші айналым. Басталуы - 18:35. Финал 19:35-те.

16 ақпан. Алып трамплин. Іріктеу кезеңі. Басталуы сағат 18:30-да.

17 ақпан. Алып трамплин. Бірінші айналым. Басталуы 18:30-да. Финал 19:30-да.

Шана спорты

10 ақпан. Ерлер (жекелей). Бірінші және екінші сырғанау 16:10-де басталады.

11 ақпан. Ерлер (жекелей). Үшінші және төртінші сырғанау 17:00-де басталады.

Мәнерлеп сырғанау

16 ақпан. Ерлер. Қысқа бағдарлама. Басталуы сағат 07:00-де.

17 ақпан. Ерлер. Еркін бағдарлама. Басталуы сағат 07:00-де. 21 ақпан. Әйелдер. Қысқа бағдарлама. Басталуы сағат 07:00-де.

23 ақпан. Әйелдер. Еркін бағдарлама. Басталуы сағат 07:00-де.

Коньки спорты

12 ақпан. Әйелдер. 1 500 метр. Басталуы сағат 18:30-да.

13 ақпан. Ерлер. 1 500 м. Басталуы сағат 17:00-де.

14 ақпан. Әйелдер . 1 000 м. Басталуы сағат 16:00-де.

18 ақпан. Әйелдер . 500 м. Басталуы сағат 17:56-да.

19 ақпан. Ерлер . 500 м. Басталуы сағат 17:53-те.

23 ақпан. Ерлер . 1 000 м. Басталуы сағат 16:00-де.

24 ақпан. Ерлер. Масс-старт. Жартылай финал - 17:45. Финал 19:00-де.

Шорт-трек

10 ақпан. Ерлер. 1 500 метр. Басталуы сағат 16:00-де, жартылай финал - 17:21. Б финалы -18:22-де, А финалы — 18:28-де.

10 ақпан. Әйелдер. 500 м. Басталуы сағат 16:44-те.

13 ақпан. Әйелдер . 500 м. Ширек финал 16:00-де, жартылай финал 17:11-де. Б финалы — 18:07-де, А финалы — 18:11-де.

13 ақпан. Ерлер . 1 000 м. Басталуы сағат 16:26-да. 13 ақпан. Ерлер . Эстафета. Басталуы сағат 17:32-де.

17 ақпан. Әйелдер . 1 500 м. Басталуы сағат 16:00-де. Жартылай финал - 17:13. Б финалы -18:05-те, А финалы — 18:11-де.

17 ақпан. Ерлер . 1 000 м. Ширек финал — 16:44-те, жартылай финал 17:43-те. Б финалы -18:21-де, А финалы — 18:26-да.

20 ақпан. Әйелдер . 1 000 м. Басталуы сағат 16:00-де.

20 ақпан. Ерлер . 500 м. Басталуы сағат 16:45-те.

22 ақпан. Ерлер . 500 м. Ширек финал 16:00-де, жартылай финал 16:42-де. Б финалы -17:13-те, А финалы — 17:18-де.

22 ақпан. Әйелдер . 1 000 м. Ширек финал 16:14-те, жартылай финал 16:51-де. Б финалы -17:23-те, А финалы — 18:30-да.

22 ақпан. Ерлер . Эстафета. Б финалы -17:47-де, А финалы — 18:03-те.

Фристайл

9 ақпан. Әйелдер. Могул. Бірінші іріктеу кезеңі. Басталуы сағат 07:00-де.

9 ақпан. Ерлер. Могул. Бірінші іріктеу кезеңі. Басталуы сағат 08:45-те.

11 ақпан. Әйелдер. Могул. Екінші іріктеу кезеңі. Басталуы сағат 16:30-да. Финал 18:00-де басталады.

12 ақпан. Ерлер . Могул. Екінші іріктеу кезеңі. Басталуы сағат 16:30-да. Финал 18:00-де басталады.

15 ақпан. Әйелдер . Акробатика. Бірінші іріктеу кезеңі 17:00-де, екінші іріктеу 17:45-те.

16 ақпан. Әйелдер . Акробатика. Финал 17:00-де басталады.

17 ақпан. Ерлер. Акробатика. Бірінші іріктеу кезеңі 17:00-де, екінші іріктеу 17:45-те.

18 ақпан. Ерлер . Акробатика. Финал 17:00-де басталады.

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 25 ақпан сағат 16:00-де басталады.

Дереккөз: "Егемен Қазақстан" газеті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1715972-olimpiada-2018-kazakstandyk-sportsylardy-zarys-kestesi-kandaj/

jitsu gif