Қысқы Олимпиада: Денис Тен мұз айдынында өнер көрсетті

Опубликовано:

Денис Тен
Фото: Prosports.kz: UGC

Қазақстандық Денис Тен жалғыз өзі мәнерлеп сырғанау бойынша Пхенчханда қысқа бағдарламаны орындап шықты деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сайыста әр елден барлығы 30 спортшы бақ сынады. Қазақстан спортшысы төртінші нөмірмен мұз алаңына шықты.

Жарыс нәтижесі бойынша, Тен соншалық жақсы баға ала алмады. Ол 70.12 (30.77 +39.35) балл жинап, алдыңғы қатарлы спортшылардан айтарлықтай артта қалды.

Енді ертең болатын ерікті бағдарлама бойынша сайыста Денис барынша жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, ең үздік 24 спортшының қатарына енуі тиіс.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1717238-kysky-olimpiada-denis-ten-mz-ajdynynda-ner-krsetti/

jitsu gif