Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігіттерге обал болды: Cүйген қызын алып қашқан жігіттің басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Сүйгенін жоғалтып алмау үшін оны еркінен тыс алып қашқан жігіт 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Facebook желісіндегі «Қазақстан заңгерлері» парақшасында жігіттің адвокаты Руслан Шағатаев жазды, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото coolook.org сайтынан алынды
Иллюстрациялық фото coolook.org сайтынан алынды: UGC
"Менің клиентім жауапсыз махаббаттан, сүйгенін жоғалтып алудан қорыққандықтан, қазақтың дәстүрі бойынша сүйікті қызын ұрлап, үйіне әкеліп, оны туыстарына қалыңдық ретінде таныстыруға шешім қабылдады. Ол бұл істі өзінің досына тапсырған. Досы тағы үш жолдасын бұл іске араластырады. Соңында төрт адам қызды жұмыс орнынан алып, күйеу жігіттің үйіне әкеледі. 40 минуттан соң полиция келіп, жәбірленуші мен күйеу жігітті бөлімшеге алып барды.
Қыз күйеу жігіттің үйіне келгенде оны бетінен ұрған. Күйеу жігіт те қызды тыныштандыру үшін бір рет шапалақ берген. Осы үшін қыздың бетінде кішкене із қалған. Басқа дене жарақаттары жоқ. Жәбірленуші медициналық көмекке жүгінген жоқ, бірақ айыпталушылар кінәлі деп танылды. Алайда қыз әкесінің ықпалымен оларды кешірмей, соттан бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. (...) Қаулы өте қатаң - 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Жігіттерге обал болды. Олар әлі жас, ақымақ. Ең бастысы олар қоғамға ешқандай қауіп төндірмейді", - деді адвокат.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1717984-zigitterge-obal-boldy-cjgen-kyzyn-alyp-kaskan-zigitti-basy-blege-kaldy/

pixel