Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетаулық боксшыны аналар үйіндегі жанкүйерлері ерекше қолдауда (фото)

Опубликовано:

Көкшетаудағы "Аналар үйінің" тұрғындары «Astana Arlans» командасының жерлес боксері Теміртас Жүсіповқа ерекше қолдау көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Көкшетаулық боксшыны аналар үйіндегі жанкүйерлері ерекше қолдауда
Көкшетаулық боксшыны аналар үйіндегі жанкүйерлері ерекше қолдауда: UGC

Аналар балаларының киімдерінен Теміртас есімін жазып, қазақстандық команданың боксеріне жеңіс тіледі. Бұл туралы Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина айтты.

Еске сала кетейік, осы сенбіде Щучинск қаласында Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) VIII маусымы болып өтпек. Бұл жекпе-жекте «Astana Arlans» командасы ресейлік «Patriot Boxing Team» командасына қарсы тұрмақ. Дәл сол күні Теміртас Жүсіпов те өз өнерін ортаға салатын болады. Балаларының шалбарларынан "Теміртас алға!" деп жазып қойған аналарға бұл идеяны Мәдина есімді бойжеткен тастаған. Тумысынан не сөйлей, не ести алмайтын бойжеткен оның барлық жекпе-жегін бір деммен қарап шыққан екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1718430-kksetaulyk-bokssyny-analar-jindegi-zankjerleri-erekse-koldauda-foto/