Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты Марадона аяғы жоқ қазақстандық балақаймен футбол ойнады( видео)

Опубликовано:

Танымал аргентиналық футболшы Диего Марадона туылғаннан қос аяғы жоқ қазақстандық балақаймен футбол ойнады деп хабарлайды NUR.KZ.

Марадона. Фото: Instagram
Марадона. Фото: Instagram: UGC

Бұл жайында футболшы да, Әли де желідегі парақшаларында бөлісті.

Әли өзінің футболды қатты жақсы көретінін айтып, футболшыға видео жолдаған екен.

Ойын барысында балақай қақпада тұрып, Марадона гол салуға тырысқан.

"Мен бүгін Әли досыммен ойын ойнадым. Саған үлкен рахмет. Сенің рухыңның мықтылығына ризамын", - деп жазды Диего Марадона.

Ал Әли: "Мен түсім екен деп сене алмадым. Достар, армандаңыздар. Алладан сұрасаңыздар, армандар да орындалады», - деді қазақстандық балақай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1728853-atakty-maradona-aagy-zok-kazakstandyk-balakajmen-futbol-ojnady-video/

pixel