Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин қарсыласы Мартиросянды екінші раундта нокаутпен жеңді (видео)

Опубликовано:

Калифорния штатының Карсон қаласындағы "StubHub Center" аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Геннадий Головкин жеңіске жетті. Ол қарсыласы Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа жіберді деп хабарлайды NUR.KZ.

Геннадий Головкин мен Мартиросян
Геннадий Головкин мен Мартиросян: UGC

Геннадий Головкин мен (37-0-1, 33 КО) Ванес Мартиросянның (36-3-1, 21 КО) кездесуі жерлесіміздің жеңісімен аяқталды.

Бірінші раундта жерлесіміз бірнеше соққы жіберіп алғанымен, екінші раунд теке-тіреске толы болды.

Ол он екі раундқа созылатын жекпе-жекті екінші раундта нокаутпен аяқтады.

Айта кетейік, Головкин күні кеше "Қазақстан барысы" Айбек Нұғымаровтан жолдама алған болатын.

Сондай-ақ ол биылғы жылдың күзінде Сауль Альвареспен қайта жүздесуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1730637-gennadij-golovkin-karsylasy-martirosandy-ekinsi-raundta-nokautpen-zedi-video/

pixel