Испания чемпионатқа бір күн қалғанда бас бапкерін қуып жіберді

Опубликовано:

Футболдан әлем чемпионатының басталуына бір күн қалғанда Испания құрамасы бас бапкерін қызметінен босатты деп жазады NUR.KZ.

Испания чемпионатқа бір күн қалғанда бас бапкерін қуып жіберді
Испания чемпионатқа бір күн қалғанда бас бапкерін қуып жіберді: UGC

12 маусым күні Мадридтің "Реалы" Хулен Лопетегиді бас бапкерлікке тағайындағанын мәлімдеді. Команда басшылары Хулен әлем чемпионаты аяқталған соң "Реалдағы" қызметін бастауы тиіс еді.

Алайда, Испания футбол одағының басшысына бұл мүлде ұнамаған. Бүгін Ресейдегі әлем чемпионатының басталуына бір күн қалғанда Хулен Лопетеги Испания құрамасының бас бапкері қызметінен кетті.

"Біз Хулен Лопетегимен жұмыс істеуді доғаратынымызды хабарлаймыз. Оған жақсылық пен сәттілік тілейміз. Испания құрамасының барлық жұмысшылары ортақ қабылданған ережелер барын ұмытпауы керек", - делінген Испания құрамасының твиттердегі аккаунтында.

"Реал" Хулен Лопетегимен келіссөз жүргізу барысында Испания футбол федерациясы құлағдар болмаған. Бапкерді орнынан алуға осы жағдай себепкер болуы мүмкін.

Испания құрамасы Ресейдегі әлем чемпионатындағы алғащшқы матчын 15 маусым күні Португалияға қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1737034-ispania-cempionatka-bir-kn-kalganda-bas-bapkerin-kuyp-ziberdi/