Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин футболдан Әлем чемпионатына қатысу үшін Ресейге ат басын бұрды

Опубликовано:

2018 жылғы Әлем чемпионатының ашылу салтанатына Геннадий Головкин қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Головкин футболдан Әлем чемпионатына қатысу үшін Ресейге ат басын тіреді
Головкин футболдан Әлем чемпионатына қатысу үшін Ресейге ат басын тіреді: UGC

Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер ESPN-ге берген сұқбатында мәлімдеген.

Отандық басылымдардың жазуынша атақты спортшы Мәскеу қаласына келіп үлгерген. Ол ертең өтетін салтанатты шараға арнайы қонақ ретінде шақырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Әлем чемпионатының ашылу рәсімі 14 маусымда Мәскеудегі "Лужиники" алаңында өтеді.

Аталған шара Астана уақыты бойынша сағат 20:30-да басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1737068-golovkin-futboldan-lem-cempionatyna-katysu-sin-resejge-at-basyn-brdy/

pixel