Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеудегі әлем чемпионатына 9 ұшақпен келе жатқан ханзада кім?

Опубликовано:

Ресейдегі футболдан әлем чемпионатына келе жатқан Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мухаммед ибн Салман Аль Сауд өзінің делегациясымен бірге Кремль маңындағы Ritz Carlton қонақ үйінің он бірінші қабатына түгелдей қоныстанбақ. Бұл туралы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мұхаммед ибн Салман Аль Сауд. Фото: Ведомости
Мұхаммед ибн Салман Аль Сауд. Фото: Ведомости: UGC

Басылымның айтуынша, ханзада Ресейге тоғыз ұшақпен ұшып келмек ниетте. Ал оны Кремль мен мемлекеттік думаның федералды күзет қызметкерлері қорғайтын болады.

Оларға он бірінші қабатқа көтерілу үшін арнайы рұқсатнама беріледі.

Осыған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әлем чемпионатының алдында Владимир Путин күтіп алатын он үш ел басшыларының тізімін оқып берген болатын.

Солардың ішінде Сауд Арабия королі Салманның ұлы, тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман Аль Сауд та бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1737104-mskeudegi-lem-cempionatyna-9-sakpen-kele-zatkan-hanzada-kim/

pixel