Ресейлік тәртіп сақшылары әйгілі Марадонаны стадионға кіргізбей қойды (видео)
Опубликовано:
Мәскеулік полицейлер футбол жұлдызын "Лужники" стадионында өткен әлем чемпионатының алғашқы ойнына кіргізбей қойды. Олар әйгілі Марадонаны танымай қалса керек деп хабарлайды prosport.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Диего Марадона әлем чемпионатының алғашқы матчін көре алмай қала жаздады. Оны ресейлік полицейлер танымай қалып, стадионға кіруге рұқсат бермеген.
Алайда, артынша мәселе шешіліп Диего Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы ойынды тамашалаған.
Айта кетейік, Диего Марадонна Аргентина құрамында 1986 жылы әлем чемпионы атанған болатын.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1737339-resejlik-trtip-saksylary-jgili-maradonany-stadionga-kirgizbej-kojdy-video/