Ресейдің жеңісіне қатты қуанған аю сыбызғыда ойнап кетті (видео)

Опубликовано:

Ресейде футболдан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Ресей құрамасы Сауд Арабия құрамасын ойсырата жеңгеннен кейін, жанкүйерлер алаңға шығып, тойлай бастаған. Ал, нағыз футбол сүйер мәскеуліктер болса аюмен бірге көшеге шығып, жеңісті тойлады деп хабарлайды vistanews.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қаланы шарлап жүрген алып аю көпшіліктің таңдайын қақтырды. Кабриолетке мініп алып, сыбызғыда ойнап жатқан аюдың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Видеода көрсетілгендей, Мәскеудегі көшелердің бірінде жанкүйерлер көліктеріне Ресей туын қадап қойып, қаланы шарлап жүр. Көлік ішінде аспаппен әуен салып отырған аюға таңғалған жұрт оны телефондарына түсіріп жатыр.

Айта кетейік, ту, елтаңба, әнұран секілді аю да - Ресейдің нышаны.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1737438-resejdi-zeisine-katty-kuangan-au-sybyzgyda-ojnap-ketti-video/