Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатының жаңалықтарын қарауға болатын алты мобильді қосымша

Опубликовано:

Барлық матчтардың трансляциясын, алда болатын ойындар кестесін, футбол жаңалықтарын қайдан қарауға болады? Baribar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға алты мобильді қосымшаны ұсынады.

1. 2018 FIFA World Cup Russia

Бұл - FIFA-ның ресми мобильді қосымшасы. Жақында өзгерістер енгізілгентін. Енді жанкүйерлер барлық матчты тікелей трансляцияда тамашалай алады. Әр кездесуде команда құрамы, ойын статистикасы, фото және өзге де қызықты фактілер беріліп отырады.

Сондай-ақ, қосымшада жеке жаңалықтар лентасы бар. Мұнда ойыннан тыс оқиғалармен де таныса аласыз.

Andriod құрылғылары үшін сілтеме мұнда.

iOS құрылғылары үшін сілтеме мұнда.

Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz: UGC

2. Футболдан әлем чемпионаты | Әлем кубогы

Қолданушылар қосымшадан барлық матчтың кестесі мен өтетін мерзімін, ойын нәтижелері, маңызды жаңалықтарды, турнирдің үздік бомбардирлері, стадиондар жайлы, чемпионаттар тарихын, ӘЧ 2018-дің толық статистикасын біле алады. Сондай-ақ, қосымшада тікелей трансляция жүргізіледі.

Andriod қолданушылары үшін сілтеме мұнда.

Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz: UGC

3. Әлем чемпионаты 2018 Ресей

Бұл мобильді қосымшаның бір артықшылығы: оны іске қосқан сәтте қандай құрамаларды бақылап отыруды таңдасаңыз, соларды маңыздылар қатарына енгізіп, бірінші кезекте көруге мүмкіндік береді. Барлық матчтар топтастырылған бөлімде олар дараланып тұрады, яғни іріктеледі.

Сондай-ақ, қосымшаның басты бетінде чемпионаттың барлық топтарының кестесі ыңғайлы форматта ұсынылады.

Andriod қолданушылары үшін сілтеме мұнда.

Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz: UGC

4. Әлем чемпионатының нәтижелері – 2018 Ресей

Бұл - артық ақпараттарсыз, жаңалықтар мен мәтіндерсіз қарапайым қосымша. Барлығы өте жеңіл түсіндіріледі. Кестелер, топ-топқа бөлінген матчтар тізімі, жеке «Плей-офф» бөлімі бар.

Сондай-ақ, мұнда қолданушы алда болатын матчқа ескертпе қоя алады. Әдепкі қалпы бойынша ескертпе барлық матчқа қойылған. Оны өзгертуге болады.

Andriod қолданушылары үшін сілтеме мұнда.

iOS қолданушылары үшін сілтеме мұнда.

Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz: UGC

5. Әлем кубогы Ресей 2018

Бұл – жоғарыда аталған қосымшаларға балама әрі көздің қабылдауына жеңіл интерфейсті қосымша. Басты бетте алда өтетін матч жайлы ақпарат және бірнеше соңғы жаңалықтар ұсынылады. Мәзірден барлық командалардың тізіміне, ойын кестелеріне, топтарға өтуге болады.

Сонымен қатар, барлық стадиондарда өтетін алдағы матчтар жайлы да білуге болады.

Andriod қолданушылары үшін сілтеме мұнда.

Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz: UGC

6. Әлем чемпионаты 2018+ Sports.ru

Танымал спорт порталы ұсынған мобильді қосымшаның басты бетінде жаңалықтар беріліп отырады. Қажет болса, жаңалықтар лентасында белгілі құрамаларды ғана қалдыруға болады.

Мәзірден командалардың стандартты тізіміне, кестелерге, матчтардың күнтізбесіне өте аласыз. Әр ойын статистикаларымен онлайн-трансляциядан көрсетіледі.

Andriod қолданушылары үшін сілтеме мұнда.

Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1737566-lem-cempionatyny-zaalyktaryn-karauga-bolatyn-alty-mobildi-kosymsa/

pixel