Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германия құрамасын жеңген мексикалық футболшылар алаңда жылап жіберді

Опубликовано:

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем біріншілігінде күтпеген жағдай орын алды. Мексика құрамасы топтық іріктеу кезеңінде әлем чемпионы Германияны 1:0 есебімен жеңіп, Ресейдегі алғашқы ойындарын жеңіспен бастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Мәскеудің "Лужниково" стадионында өткен ойын нәтижесі Мексика құрамасының пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Матчтағы жалғыз голдың авторы Ирвинг Лосано болды. Ол ойынның 35 минутында Хавьер Эрандестің кезекті пасын ұтымды пайдаланып, есеп ашты.

Ойын аяқталған соң, мексикалық футболшылардың ойында басым түскеніне қуанғаны соншалық, олардың кейбірі, тіпті көздеріне жас алып жатты.

Айта кетерлігі, Мексиканың ендігі қарсыласы Оңтүстік Корея құрамасы болмақ. Ойын маусымның 23 күні өтеді деп жоспарланып отыр. Ал Германия құрамасы болса, кезекті ойынын Швеция құрамасымен өткізбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1737635-germania-kramasyn-zegen-meksikalyk-futbolsylar-alada-zylap-ziberdi/

pixel