Құрамасының жеңісіне қатты қуанған мексикалықтар жерді сілкіндіріп жіберді
Опубликовано:
Геологиялық және атмосфералық зерттеу институтының ғалымдары Мексикадағы Мехико ауданында жер сілкінісі болып өткенін анықтады. Табиғи құбылыс Германия мен Мексика құрамалары арасындағы ойын кезінде болған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жер сілкінісінің басты себебі Мексика құрамасының жеңіске жетуі болса керек. Ирвинг Лосаноның соққан голынан барша жанкүйерлер орындарынан атып тұрып, қуаныштан секіре бастады.
Олардың қуанғандары соншалық секіреміз деп жерді сілкіндіріп жіберген.
Жер сілкінісі жергілікті уақытпен 1:32-де анықталды. Құрамалар арасындағы ойын болса сағат 00:00-де басталып, жеңіс голы кездесудің 35-ші минутында соғылған.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1737677-kramasyny-zeisine-katty-kuangan-meksikalyktar-zerdi-silkindirip-ziberdi/