Әлем чемпионатында сүйіктісіне ұсыныс жасаған ер жігіттің қылығы көпті сүйсінтті
Опубликовано:
Мексикалық жанкүйер өз құрамасының Германияны жеңіп түскен ойынынан кейін сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Ол бұл тарихи сәтті баяғыдан бері айта алмай жүрген ұсынысын білдіруге таптырмас мүмкіндік санаған деп хабарлайды facty.ictv.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Германия мен Мексика арасындағы ойын аяқталған кезде, ер жігіт бір тізесіне отырып сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған. Ол баяғадан жасай алмай жүрген қадамына отандастарының жеңісі қосымша күш беріп, жігерлендіріп жібергенін айтты.
Бойжеткен ғашығының ұсынысына өз келісімін қуана-қуана берді.
Айта кетейік, Мексика құрамасы сенсация жасап әлем чемпионы атағының жүлдегерлерін жеңіп кеткен.
Бұл жеңіс Мехикода жер сілкінісін тудырып, барша мексикалықтарды қуанышқа бөледі. Әсіресе, жеңіс голынан айғайға салған комментaтор ерекше әсерде болған.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1737778-lem-cempionatynda-sjiktisine-synys-zasagan-er-zigitti-kylygy-kpti-sjsintti/