Әлем чемпионатында ең көп талқыға түскен футболшы анықталды
Опубликовано:
Brand Analytics компаниясы қызық бір зерттеу жүргізді. Олар әлем чемпионатының алғашқы күндерінде әлеуметтік желілерде ең көп жазба кімге арналғанын анықтады деп хабарлайды news.ru сілтеме жасаған NUR.KZ.

Рейтингті бағамдау үшін 14 маусымға арналған әлем чемпионатындағы қазақ және орыс тілдеріндегі барлық жазбалар талданды.
Шетелдік жазбалардағы рейтингтің көшін Лионель Месси бастап тұр. Ол стадионда темекісімен суретке түскен Криштиану Роналду мен Диего Марадонадан асып түсті.
Бір қызығы, Мессидің пенальтиін қағып түскені үшін желіде қызу талқыға түскен Исландия құрамасының қақпашысы Ханнес Халльдоурссон ондыққы да іліге алмады. Ол 11-орынға тұрақтаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1737789-lem-cempionatynda-e-kp-talkyga-tsken-futbolsy-anyktaldy/