Әйгілі футболшылардың суретін төсімен салған ресейлік ару көпшілікті таңғалдырды
Опубликовано:
Ресейдегі Санкт-Петербуг қаласының тұрғыны өзінің бейнелеу өнеріндегі ерекше қабілетімен таңғалдырды. Ирина Романовская Мұхамед Салах, Криштиану Роналду сияқты футбол жұлдыздарының суретін өз төсімен салып шыққан деп хабарлайды sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Әйгілі Мысыр ойыншысын өз төсіммен салдым. Оның соңғы кезде көрсетіп жүрген нәтижесі өте керемет. Футболды анда-санда қарап қоятыным бар. Сол кезде аса танымал тұлғалардың бейнесін салуға тырысамын. Салахтың бейнесін саларда бояуды өз кеудеммен жағып, тек шет-жақтарын фломастермен келістірдім", - деп айтты суретші.
Оның салып шыққан туындылары арасында Салахтан бөлек, Криштиану Роналду Лионель Месси сынды әйгілі футболшылардың суреттері де бар.



Жас суретшінің төсіне ережесіз жекпе-жек спортшысы Конор Макгрегор да түсіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1737914-jgili-futbolsylardy-suretin-tsimen-salgan-resejlik-aru-kpsilikti-tagaldyrdy/