Роналдудың хет-тригінен кейін португалиялықтар сүйікті футболшысына ескерткіш орнатып қойды (фото)

Опубликовано:

Португалияның Мадейра әуежайында Криштиану Роналдудың жаңартылған мүсіні пайда болды. Оны футболшының әлем чемпионаты кезінде испандарға қарсы ойында хет-трик жасағанының құрметіне орнатты. Бұл туралы ru.oxu.az-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ru.oxu.az
Фото: ru.oxu.az: UGC

Тамаша туындының авторы - Испаниялық танымал мүсінші.

Басында бұл жерде спортшының ерсі көрінетін мүсіні тұрған.

Барлық ірі ақпарат құралдары мүсінді Роналдуға арналған пародия деп жариялады. Алайда Мадериан Эммануель Сантостың туыныдысы әлемге әйгіленді.

Фото: ru.oxu.az
Фото: ru.oxu.az: UGC

Қайтадан жаңартып салған футболшының мүсіні Роналдуға, шынымен де, ұқсайды. Алайда желі қолданушыларының арасында ескісін қайтадан орнатып қоюын талап еткендер де болды.

Сол жазбаларда "алғашқы мүсін тұрған жер аралдың көрікті мекеніне айналғантын және оны алмастыру дұрыс емес" деген мәтін пайда болды.

Сіздің ойыңызша, Роналдудың мүсіні футболшының өзіне ұқсайды ма?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1738038-ronaldudy-het-triginen-kejin-portugalialyktar-sjikti-futbolsysyna-eskertkis-ornatyp-kojdy-foto/