Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қадыров әйгілі Салахқа "Шешенстанның құрметі азаматы" атағын берді

Опубликовано:

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Мысыр футбол құрамасының мүшесі әрі британдық "Ливерпуль" клубының ойыншысы Мұхаммед Салахты Шешенстан республикасының құрметті азаматы атағымен марапаттағанын мәлімдеді. Бұл туралы Азатыққа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org: UGC

Қадыровтың Telegram мессенджерінде жазуынша, ол мейманға жарлықтың көшірмесі мен төсбелгіні салтанатты қонақасы кезінде тапсырған, Салах оған "ыстық ықылас пен қонақжайлық танытқаны үшін" алғысын білдірген.

Футболистің өзі бұған қатысты пікір білдірмеген. Ал Мысыр футбол федерациясы ұлттық құрамаға Қадыровтың салтанатты қонақасы бергенін растаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1738754-kadyrov-jgili-salahka-sesenstanny-krmeti-azamaty-atagyn-berdi/

pixel