Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туған жерін сағынған неміс спортшысы тұғырға Қазақстан туымен шықты (фото)

Опубликовано:

Аралас жекпе-жектен өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Германияның намысын қорғаған Эдуард Кексель марапаттау рәсіміне Қазақстан туымен шықты деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: UGC

Эдуард Қостанай облысында дүниеге келген, бірақ көп жылдан бері Герминияның туын түрлі халықаралық жарыстарда көкке көтеріп, сонда өмір сүріп келеді.

Алайда Эдуард Бухарестте Еуропа чемпионы атанғанда оған өмір сыйлаған елдің туын алып шығуды жөн санапты. Ол жеңіс тұғырына Қазақстан туымен шықты.

"Мен жарыста қазақстандық команданы көргенде қатты қуандым. Ақтық жекпе-жекті жеңген соң, мен Қазақстанның туын марапаттау рәсіміне алып шығуға бере тұруларын сұрадым. Отанымды қатты сағынамын", - деді Эдуард Кексель.
Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: UGC

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1739006-tugan-zerin-sagyngan-nemis-sportsysy-tgyrga-kazakstan-tuymen-sykty-foto/

pixel