ӘЧ-2018: Видеотөреші Криштиану Роналдуды алаңнан қууды талап еткен

Опубликовано:

Әлем чемпионатындағы Иран мен Португалия арасындағы матчтың 80-минутында рефери Энрике Касерес Криштиану Роналдудың фолына мән бермей, ойынды жалғастырған деп хабарлайды sport-express.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: UGC

Тек біршама уақыт өткеннен кейін ойын тоқтатылды. Видеотөреші Массимилиано Иррати төрешіге видеоқайталауды көруді ұсынды.

Бәрімізге белгілі, видеотөреші тек анық қателік кеткенде ғана ойыншыны шығару-шығармау үшін ойынға араласа алады. Итальяндықтың ойынша, португалдықтардың капитаны Мортез Пуралиганджидің бетінен қасақана ұрып жіберген. Сол себепті ол қызыл картаға лайық болған.

83-минутта Касерес нақты шешімін шығарды. Ол Ирратимен келіспей, ескерту айтумен шектелді.

Сіздің ойыңызша, ол турнирді Роналду секілді жұлдыссыз қалдырғысы келмеді ме әлде оның фолын, шынымен де, байқамады ма?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1739089-c-2018-videotresi-kristianu-ronaldudy-alanan-kuudy-talap-etken/