Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Журналист қызды сүйіп алмақ болған жанкүйер оңбай ұрыс естіді (видео)

Опубликовано:

Ресейдегі Екатеринбург қаласында өткен Сенегал мен Жапония құрамалыр арасындағы ойын алдында қызықты оқиға орын алды. Тікелей эфир жүргізіп тұрған тілші өзін сүйіп алмақ болған футбол жанкүйерін сөгіп тастады деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Әлем чемпионаты кезінде ақпарат өкілдеріне қатысты ыңғайсыз оқиғалар жиі орын алып тұрды.

Алайда келеңсіздіктерге әбден тойған бразилиялық жүргізуші Джулия Гимайрес, өзін сүйіп алмақшы болған ер адамды орнына қойып аяусыз сөгіп тастады. Бойжеткен тіпті тікелей эфир жүріп жатқанына қарамастан, жанкүйерді сынап тастаған.

"Жетер, олай істеуге болмайды. Ешқашан жасамаңыз бұлай, ұқтыңыз ба?. Сіздің әрекетіңіз дұрыс емес" , - деп айтты ол.

Ер адам журналист қыздың мұндай әсерін күтпей аң-таң болып, кешірім сұраған.

Айта кетейік, әлем чемпионаты кезінде тағы бір футбол жанкүйері журналист қыздың төсін ұстап, бетінен сүйіп кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1739125-zurnalist-kyzdy-sjip-almak-bolgan-zankjer-obaj-rys-estidi-video/

pixel