Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияның бас бапкері құрамасының жеңіске лайық болмағанын мойындады

Опубликовано:

Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лев Оңтүстік Кореямен өткен ойынның қорытындысына қатысты пікір білдірді. Ол өздерін әлем чемпионатынан ұшырып жіберген кореялықтардың жеңіске толықтай лайық болғанын мойындады деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Йоахим Лев. Фото: РИА Новости
Йоахим Лев. Фото: РИА Новости: UGC
"Әрине 1/8 финалына өтпегеніміз көңілімізге елеулі түрде әсер етті. Алайда, мықты ойын көрсеткен қарсыласты құттықтап қоюымыз керек. Біз әлем чемпионатын қайта жеңу тұрмақ, плей-офф кезеңіне өтуге де лайық болмадық", - деп кесіп айтты бапкер.

Йоахим Лев сонымен қатар өз командасына шабуылда батылдық жетіспегенін де айтып өтті.

Айта кетейік, топтық кезеңнің соңғы айналымында өзара кездескен Оңтүстік Корея мен Германия құрамалары арасындағы ойын немістерді әлем чемпионатынмен қош айтыстырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1739499-germaniany-bas-bapkeri-kramasyny-zeiske-lajyk-bolmaganyn-mojyndady/

pixel