Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Немістерді жеңген соң кәріс футболшыларының неге жылағаны белгілі болды

Опубликовано:

Кеше әлемді таңғалдырып, Германияны ойсырата жеңген Оңтүстік Кореяның футбол командасы өздерінің қуанышымен бөлісті. Олардың көз жасына ерік берген сәті жайлы кәріс қақпашысы Чо Хен У айтып берді деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Корея: Германия. Фото: Спорт-Экспресс
Корея: Германия. Фото: Спорт-Экспресс: UGC

"Барлық футболшылар Корея үшін жанталасып ойнады. Германияны жеңіп қуанғанымызбен, 1/8 финалға шыға алмадық. Мұны естігенде кейбір ойыншыларымыз өкініштен жылап жіберді", - дейді Чо Хен У.

Кәріс қақпашысының айтуынша, олар өздерімен қатар ойнаған Швеция мен Мексика арасындағы ойынның нәтижесін білмеген екен. Оңтүстік Корея құрамасының 1/8 финалға шығуы үшін, мексикалықтардың Швецияны жеңуі керек болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1739612-nemisterdi-zegen-so-kris-futbolsylaryny-nege-zylagany-belgili-boldy/

pixel