Бельгия құрамасы 1/8 финалына топ жарып шықты
Опубликовано:
Әлем чемпионатының топтық кезеңі өз соңына жетті. Күні кеше Бельгия мен Англия арасында өткен кездесу соңғы айналымға нүкте қойды. Екі құрама арасындағы ойын 1:0 есебімен бельгиялықтардың жеңісімен аяқталған деп хабарлайды NUR.KZ.

Күні кеше топтық кезеңнің соңғы ойыны болып өтті. Өзара кездескен Бельгия мен Англия әлем чемпионатының 1/8 финалына өткен соңғы жұп болды.
Бұл кездесу барысында бельгиялықтар Англия құрамасынан айласын асырып, оларды 1:0 есебімен жеңіп кетті. Кездесуде соғылған жалғыз голдың авторы бельгиялық шабуылшы Аднан Янузай болды.
23 жастағы футболшы өзінің мергендік қабілетін барынша паш еткен. Ойынның нәтижесіне қарамастан, есептік көрсеткіш бойынша Англия құрамасы да екінші орыннан болсын, келесі кезеңге жолдама алды.
1/8 финалында Бельгия Япония құрамасымен кездессе, Англия Колумбиямен бақ сынасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1739700-belgia-kramasy-18-finalyna-top-zaryp-sykty/