ӘЧ-2018: Неміс жанкүйерлері плей-офф матчтарының билеттерін жаппай қайтарып жатыр

Опубликовано:

Германияның футболдан ұлттық құрамасының жанкүйерлері әлем чемпионатындағы плей-офф ойындарына сатып алған билеттерін өткізіп жатыр. Өзінің сүйікті командаларының жеңілісіне әбден күйінген немістер Ресейден қайтуда деп хабарлайды Sports.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: yugopolis.ru
Көрнекі фото: yugopolis.ru: UGC

Футбол ассоциациясының ақпаратына сүйенсек, неміс жанкүйерлері турнир матчтарына 70 мыңдай билет сатып алған.

Германия тұңғыш рет әлем чемпионатының 1\8 финалына өте алмай қалды.

Қайтарып берілген билеттерді ресми сайт арқылы сатып алуға болады.

Еске салайық, қазіргі таңдағы әлем чемпионы болған Германия құрамасы Оңтүстік Корея құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1739931-c-2018-nemis-zankjerleri-plej-off-matctaryny-biletterin-zappaj-kajtaryp-zatyr/