Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көздерін сығырайтып" кәрістерді мазақ еткен тележүргізушілер жұмыстан қуылды (видео)

Опубликовано:

Испан тіліндегі америкалық "Telemundo" арнасының тележүргізушілері эфирде көрсеткен расистік іс-әрекеттері үшін жұмыстан қуылды деп хабарлайды Oxu.Az-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Oxu.Az
Сурет: Oxu.Az: UGC

Оқиға әлем чемпионаты кезінде Оңтүстік Корея Германия құрамасын жеңгеннен кейін болған.

"Un Nuevo Dia" бағдарламасының студиясындағы мексикалық футболшылар киімінде отырған жеті қонақ кәрістердің жеңісін тойлапты.

Эфир кезінде Джеймс Тахан азиалық бет-әлпетті кескіндемек болып көзін сығырайтқан. Ал оның жанында отырған әріптесі Дженис Бенкосме де артынан қайталапты.

Көрермендер жүргізушінің әрекетіне аң-таң болды.

"Telemundo", жүргізушілерге эфир кезінде расистік қимыл көрсетуге рұқсат бермеңіздер. Рақмет", - деп жазды америкалық азамат Джимми Санчес.

Джеймс Тахан кешірім сұрағанымен, арна әкімшілігі екі журналисті жұмыстан шығаруға шешім қабылдаған.

"Мексика квалификациясын тойлау кезінде мен қателік жібердім. Азиялық қауымға қатысты жөнсіз қимыл көрсеткенім рас. Бұл менің тарапымнан болған қателік болды", - деді Джеймс.

Ал арна басшылығы болса журналистердің әрекетін сынға алды.

"Біздің компания мұндай бейәдеп қылық танытқандарға арнап шара қолданады. Себебі бұл біздің стандарттар мен құндылықтарымызға кереғар", - деді арна әкімшілігінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1740036-kzderin-sygyrajtyp-kristerdi-mazak-etken-telezrgizusiler-zmystan-kuyldy-video/

pixel