ӘЧ-2018: Неймар бастаған жұлдыздар Мексиканы үйіне қайтарды (видео)
Опубликовано:
Әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Бразилия құрамасы мен Мексика құрамасы кездесіп, жеңіс бес дүркін әлем чемпиондарының пайдасына шешілді деп хабарлайды Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тартысты өткен ойында есеп тек екінші таймда ашылған. Ойынның 51-ші минутында Неймар қарсылас қақпасын дәл көздеді. Негізгі уақыт аяқталуына санаулы минуттар қалғандла Фирмино есепті еселей түсті.
Осылайша, Бразилия құрамасы ширек финалға жолдама алды.
Олардың қарсыласы бүгін түнде өтетін Бельгия - Жапония ойынында белгілі болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1740229-c-2018-nejmar-bastagan-zldyzdar-meksikany-jine-kajtardy-video/