Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бельгия құрамасы соңғы минуттарда Жапониядан жеңісті жұлып алды

Опубликовано:

Әлем чемпионатының плей-офф кезеңі аясында кездескен Бельгия мен Жапония құрамалары өзара мықтыны анықтады. Бастапқыда, 0:2 есебімен ұтылып жатқан бельгиялықтар ойынды өз қолдарына алып,жеңісті ойын соңында жұлып алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Жапония құрамасы бельгиялықтарды жеңіп, әлемдік сенсация орындауға аз қалған болатын. Ойынның екінші таймына шыққан жапондақ футболшылардың қайсарлығында шек болмады. Қатарынан ұйымдастырылған шабуылдар нәтиже беріп, құрама есептен алға шықты.

Жапондықтар сапынан есепті 48-ші минутта Харагучи ашса, екінші голды Инуи есімді футболшы 52-ші минутта соққан.

0:2 болып ұтылып келе жатқан Бельгия құрамасы ойынды өз жоспарына сай бұрып алды. Вертоген, Феллайни мен Шадли барша бельгиялық жанкүйерлерге жеңіс сыйлады. Алайда, кеш қаһарманы ойынды экстра-таймға апармай 95-ші минутта гол салған Шадли болды.

3:2 есебімен аяқталған кездесу нәтижесі бойынша Жапония командасы үйіне қайтса, бельгиялықтар келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, жеңген құрама енді Бразилиямен кездеспек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1740253-belgia-kramasy-sogy-minuttarda-zaponiadan-zeisti-zlyp-aldy/