ӘЧ-2018: Швейцарияны бір ғана голмен жеңген шведтер 1/4 финалға өтті
Опубликовано:
Ресейде өтіп жатқан 2018 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалдық ойындары аясында бүгін «Санкт-Петербург» стадионында Швеция және Швейцария құрамалары кездесті деп хабарлайды Prosports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скандинав түбегінің өкілдері «Банкирлер» Отанын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Ойынның 66-минутында германиялық «РБ Лейпциг» клубының жартылай қорғаушысы Эмиль Форсбергер швейцариялықтарға қарсы жалғыз голдың авторы атанды.
Ширек финалда Швеция құрамасы Ұлыбритания-Колумбия матчының жеңімпазымен кездеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1740454-c-2018-svejcariany-bir-gana-golmen-zegen-svedter-14-finalga-tti/