Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ӘЧ-2018: Астана уақытымен ширек финал ойындарының кестесі

Опубликовано:

Футболдан Ресейдегі 2018 жылғы Әлем чемпионатының ширек финал ойындары 6-7 шілде күндері өтеді. Назарларыңызға тартысты ойындарды қай уақытта қай телеарнадан көруге болатынын prosports.kz сайтына сілтеме жасап ұсынамыз.

Фото: ukraina.ru
Фото: ukraina.ru: UGC

Ең алғаш болып Уругвай және Франция құрамалары жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. "Нижний Новгород" стадионында өтетін ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан 6 шілде күні кешкі сағат 20:00-де тамашалай аласыздар.

6 шілдедегі екінші ойында Уругвай-Франция матчының жеңімпазына жартылай финалда қарсылас атанатын команда белгілі болады.

07.07.2018 00:00-де Бразилия - Бельгия құрамалары өзара мықтыны анықтайды.

7 шілде күні жартылай финалдың екінші жұбы анықталады. 20:00-де Сочидегі "Фишт" стадионында дода қожайындары Хорватиямен өзара күш сынасады. Ойынды Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан көруге болады.

Ресей - Хорватия

07.07.2018 20:00

Олардың қарсыласы - Еуропаның екі мемлекеті арасындағы тартыс "Самара Арена" стадионында болады. Бұл ойынды да Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

Швеция - Ұлыбритания

08.07.2018 00:00

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1740865-c-2018-astana-uakytymen-sirek-final-ojyndaryny-kestesi/