ӘЧ-2018: Франция Уругвайды жеңіп, жартылай финалға өтті (видео)
Опубликовано:
Ресейде футболдан Әлем чемпионатының 1/4 финалының алғашқы ойыны өз мәресіне жетті. Тартысты доп додасында Франция мен Уругвай құрамалары кездесіп, жеңіс 2:0 есебімен француздардың пайдасына шешілді деп хабарлайды NUR.KZ.

Нижний Новгород қаласында өткен кездесуде ойынның 40-шы минутында франциялық қорғаушы Рафаэль Варан есеп ашса, ойынның 61-ші минутында Антуан Гризман есепті 2:0-ге жеткізді.
Осылайша француздар тарихат алғаш рет Уругвай құрамасын жеңіп, Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
Ал олардың қарсыласы бүгін түнгі 00:00-де өзара күш сынасатын Бельгия-Бразилия құрмаларының кездесуінен кейін белгілі болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1740990-c-2018-francia-urugvajdy-zeip-zartylaj-finalga-tti-video/