Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей құрамасының ойыншысы жеңілістен соң өксігін баса алмады (видео)

Опубликовано:

Футболдан Әлем чемпионатының 1/4 финалдық кезеңінде хорваттардан жеңілген Ресей құрамасының шабуылдаушысы Артем Дзюба матчтан кейін жылап қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ресей құрамасының ойыншысы жеңілістен соң өксігін баса алмады (видео)
Ресей құрамасының ойыншысы жеңілістен соң өксігін баса алмады (видео): UGC

Бірінші арна журналисінің сұрағына мардымды жауап бере алмаған футболшы тікелей эфирде көз жасын тыя алмады.

"Мен олармен (Ресей құрамасы - авт)мақтанамын. Біз бәріміз бір жанұя болып кеттік. Өмір бойына барша жұртқа футболдың тірі екенін, біздің өз мақсатымызға жеткіміз келетінін дәлелдегіміз келген. Біз елімізге осынша әсер сыйлағаны үшін алғыс айтамыз", - деді Дзюба.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей жерінде өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/4 финалында Хорватиямен кездескен ресейліктер жеңіліс тапқан болатын. Олар негізгі және қосымша уақытта хорваттармен тең түсіп, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1741137-resej-kramasyny-ojynsysy-zeilisten-so-ksigin-basa-almady-video/

pixel