Қазақ спортшысы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды (фото)
Опубликовано:
Қазақ спортшысы Айдар Махметов АСВ нұсқасы бойынша джиу-джитсудан 2018 жылғы әлем чемпионы атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазды.
"АСВ нұсқасы бойынша джиу-джитсудан 2018 жылғы әлем чемпионы атандым!!! Көптен күткен жүлде - алтынға әутеуір қол жеткіздім-ау!

75 келіге дейінгі салмақ санатында қызылкүрең белдіктер арасындағы шеберлер дивизионында (36-40 жас) өнер көрсеттім. Үш белдесу - үш жеңіс: ресейлік, армян және финалда ирандықты жеңдім.

Сонымен бірге менің досы Мұрат Бермұхамбетов те қол жүлдегері атанды. Мен ризамын. Аллаға шүкір", - деп жазды спортшы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1741158-kazak-sportsysy-dziu-dzitsudan-lem-cempiony-atandy-foto/