"Слава Украине!" деп айтқан хорват футболшысы жазалануы мүмкін (видео)
Опубликовано:
Халықаралық футбол федерациясы Хорватия құрамасының қорғаушысы Домагой Виданы ресейліктермен болған 1/4 финалдың матчынан кейін "Слава Украине!" деп айтқаны сөзі үшін ойыннан шеттетуі мүмкін. Бұл туралы Oxu.Az-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"ФИФА матчқа қатысты түрлі жауаптарды қарастырып жатыр. Оның ішінде осы сұраққа қатысты деректер де бар", - деп жауап берді федерация өкілдері. Федерация барлық материалдар жиналмайынша ешқандай шешім шығармайтынын айтты.
ФИФА тәртіптік кодексінің 54-бабына сәйкес қоғамға теріс бағыттағы насихат жүргізгені үшін Хорватия құрамасының мүшелері екі матчтан шеттетілуі мүмкін. Сондай-ақ ақшалай айыппұл төлейді.
Вида әлем чемпионаты кезінде ширекфиналда Ресейді жеңген соң "Слава Украине!" деген сөзі бар видео жазған. Кейін хорват футболшысы бейнежазбаны қалжың ретінде жазғанын айтты.
Ресей құрамасы хорваттардан 3:4 есебімен жеңіліп қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1741205-slava-ukraine-dep-ajtkan-horvat-futbolsysy-zazalanuy-mmkin-video/