Хорватия президенті Медведевтің алдында билей жөнелді
Опубликовано:
Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович Ресеймен өткен футболдың ширек финалында шынайы эмоциясын жасыра алмады. Ол Сочидегі стадионда, Медведевтің алдына тұрып билей жөнелген деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Хорватия көшбасшысы футболшыларының Ресей қақпасына соққан екінші голында қатты қуанып кеткен. Оны Домагой Вида басымен дәлдеп соққан болатын. Стадиондағы басқа жанкүйерлер президенттің қызықты әрекетін видеоға түсіріп алған.
Грабар-Китарович билей бастағанда Дмитрий Медведев басын теріс бұрады.
Еске салсақ, дәл осы ойында Хорватия құрамасының қорғаушысы Домагой Вида ресейліктермен болған 1/4 финалдың матчынан кейін "Слава Украине!" деп айтқан. Енді футболшы сол әрекеті үшін жазалануы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1741224-horvatia-prezidenti-medvedevti-aldynda-bilej-zneldi/