ӘЧ-2018: 10 шілдеге арналған матч трансляциясының кестесі
Опубликовано:
Бүгін Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының бірінші финалисі анықталады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де финалға шығу бәсекесінде Бельгия мен Франция командалары сынға түспек. Екінші финалист Англия-Хорватия жұбында анықталады.
Еске салайық, француздар Дания, Австралия мен Перу командаларынан озып, "С" тобында бірінші орынға жайғасты. Ал плей-офф кезеңінд Мишель Платинидің отандастары Аргентина мен Уругвайдан озып түсті. Өз кезегінде бельгиялықтар "G" тобын Англия, Панама, Тунис елдерінен жеңіп алған. Олар ширекфиналда Жапонияны жеңіпті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1741363-c-2018-10-sildege-arnalgan-matc-translaciasyny-kestesi/