Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдуды миллиондаған ақшаға сатып алғандар жұмысшылардың ашуына тиді

Опубликовано:

Fiat қызметкерлер кәсіподағы Криштиану Роналдудың "Ювентусқа" көшуіне кеткен шығындарға қатысты ереуілге шықты деп хабарлайды eurosport.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Andreas Gebert/ dpa/ Globallookpress
Сурет: Andreas Gebert/ dpa/ Globallookpress: UGC
"Жұмыскерлер үлкен экономикалық құрбандықтарға барып жатқанда компания бір футболшы үшін жүздеген миллион еуроны құртып жатыр. Бұл - дұрыс емес", - дейді жұмыскерлер.

Қызметкерлер мен олардың отбасылары қиналып жатқанда компания бір адам үшін үлкен қаражат жұмсап жатқан көрінеді. Олардың ойынша, бұл - үлкен әділетсіздік. Жұмыскерлер бір адамға миллион ақша жұмсап, ал қиналып отырған қызметкерлерін елеусіз қалдырған мекемеге наразылығын білдірді.

"Fiat қызметкерлері компанияның әл-ауқатын кем дегенде үш ұрпаққа дейін көтеріп берді, ал соның есесіне жағдайымыздың жақсы болғанының орнына бейшара күн кешіп отырмыз. Компания бір адамға емес, көлік модельдеріне инвестиция құюы керек, өз қызметкерлерінің талаптарымен санасуы қажет. Бірақ бәрі олай болмады. Себебі басшылық футбол мен ойын-сауықты құп көреді. Осыған байланысты кәсіподақ 15 мен 17 шілде аралығында ереуілге шығады", - деп жазылған кәсіподақтың хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1741727-ronaldudy-milliondagan-aksaga-satyp-algandar-zmyssylardy-asuyna-tidi/

pixel